"Балаларымның әкесі де, шешесі де мен" - Балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған Әуелбековаға жұрт қолдау көрсетті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
"Ана да өзім, әке де өзім". Екі перзентін жалғыз тәрбиелеп отырған Мөлдір Әуелбекова балаларына әке орнын жоқтатпауға тырысып жүр. Ол тұңғыш ұлымен қалай уақыт өткізетінін көрсетті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әуелбекованың екі некесі де ұзаққа созылмады.
Тұңғышы 5 айға толғанда экс-жолдасы Арыстан отбасын тастап кеткен. Содан бері кішкентай Салтайдың анасы да, әкесі де - Мөлдірдің өзі. Бүгінде қолы қалт етсе, бар уақыты мен көңілін балаларына арнауға тырысады. Мәселен, өткен демалыста әнші ұлын алып, балық аулауға шыққанын айтады. Уақытын сапалы өткізу үшін Мөлдір тіпті, бірнеше күнге гаджеттерден бас тартқан.
Желі оқырмандары балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған Әуелбековаға қолдау көрсетті.
Қаз
Рус






