KeshYOU мерейтойлық шоуын Бішкекте жалғастырады

2 502

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Instagram.com/keshyou_officialKeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концерттер Қазақстанмен шектелмейді. Ұжым енді Қырғызстанға барып, Бішкек сахнасында өнер көрсетпек, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мұны топтың продюсері Баян Мақсатқызы Астанадағы концерттен кейін жариялады. Осылайша, мерейтойлық жобаның келесі аялдамасы Қырғызстан астанасы болмақ.

“Тұрсын Алагөзов келісті. KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концерт Бішкекте де өтеді”, – делінген жазбада.

Биыл KeshYOU сахнадағы 20 жылын атап өтіп жатыр. Осы уақыт аралығында топтың құрамы бірнеше рет өзгеріп, онда өнер көрсеткен әншілердің көбі кейін жеке шығармашылығын жалғастырды.

Мерейтойға орай Алматы мен Астанада үлкен концерттер ұйымдастырылып, топтың әр жылдардағы мүшелері бір сахнаға шыққан еді. Енді осы бағдарламаны Бішкек көрермендері де тамашалайды.

Дегенмен концерттің қай күні өтетіні және қай алаңда ұйымдастырылатыны әзірге белгісіз. Ұйымдастырушылар бұл мәліметтерді кейінірек жарияламақ.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.