Гүлзира Айдарбекова келінін туған күнімен ерекше құттықтады

2 146

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан кадрҚазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ортаншы келінін туған күнімен құттықтап, желіде оған әсерлі жазба арнады. Жұлдызды ене ұлының келіншегіне мақтау сөздерін жаудырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Гүлзира Айдарбекова келініне деген ақ тілегін Instagram-дағы парақшасы арқылы жеткізген. Продюсер Әйгер Саркенованың бойындағы асыл қасиеттерді тізіп шығып, оның ата-анасына алғысын айтқан. 

"Бойында инабат, жүрегі мейірімге толы, әр жақсылыққа шын қуана білетін, қашанда үлкен-кіші демей кешіріммен қарап, ата-анасын құрметтеп, разылығын алып, аяулы жар бола білген көркем мінезді, бүкіл ағайын мен ата-ененің ақ батасын алған келінім сені туған күніңмен шын жүрегіммен құттықтаймын ботам! Қандай мақтау болсын бәріне лайықтысың. Саған деген бәрінің шынайы махаббатына өзіңнің даналығыңмен жеттің, сені өмірге алып келген құдам мен құдағиыма алғысым шексіз! Тек көз тимесе екен, Ақмөр және НұрАли немереміздің артынан ұл-қыз еріп үлкен әулетті абзал ана болып, қара балам, дара баламның құшағында 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруіңді жазсын Алла", - деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.


 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.