KeshYOU мерейтойлық шоуын Бішкекте жалғастырады

2 502

Фото: Instagram.com/keshyou_officialKeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концерттер Қазақстанмен шектелмейді. Ұжым енді Қырғызстанға барып, Бішкек сахнасында өнер көрсетпек, - деп хабарлайды Opennews.kақпарат агенттігі.

Мұны топтың продюсері Баян Мақсатқызы Астанадағы концерттен кейін жариялады. Осылайша, мерейтойлық жобаның келесі аялдамасы Қырғызстан астанасы болмақ.

“Тұрсын Алагөзов келісті. KeshYOU тобының 20 жылдық мерейтойына арналған концерт Бішкекте де өтеді”, – делінген жазбада.

Биыл KeshYOU сахнадағы 20 жылын атап өтіп жатыр. Осы уақыт аралығында топтың құрамы бірнеше рет өзгеріп, онда өнер көрсеткен әншілердің көбі кейін жеке шығармашылығын жалғастырды.

Мерейтойға орай Алматы мен Астанада үлкен концерттер ұйымдастырылып, топтың әр жылдардағы мүшелері бір сахнаға шыққан еді. Енді осы бағдарламаны Бішкек көрермендері де тамашалайды.

Дегенмен концерттің қай күні өтетіні және қай алаңда ұйымдастырылатыны әзірге белгісіз. Ұйымдастырушылар бұл мәліметтерді кейінірек жарияламақ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.