«Кішкентай жүрегіңе сыямын ба?»: Жігер Ауыпбаев өзінен 15 жас кіші қызға ғашық болып қалды
Әнші Жігер Ауыпбаев желіде өзінен 15 жас кіші бойжеткенмен түскен суретін жариялап, көпшіліктің қызу талқысына қалды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі суретпен бірге сезімге толы жазба қалдырған.
«Ара 15 жас болса қалай? Кішкентай қыз, сендегі қиял бөтен. Сен туралы сезіммен жиі әндетем. Сенің сол бір кішкентай жүрегіңе мендегі таудай сезім сияр ма екен, деп қоясың ғой әлгі жерде», – деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі Жігердің таңдауын түсінбей, сын айтса, енді бірі махаббат жасқа қарамайтынын алға тартты.
Пікірлер арасында: «Неге осы әншілер жастары келіп орамалды қыздарды таңдайды?», «Кішкентай қыздар неге үлкен кісілерге құмар?», «Еркелігін көтеріп ерте есейтіп, қартайтып жібермесең болды», «Жас айырмашылығы 15 жас болса, ештеңе етпейді. Махаббат жасқа қарамайды ғой. Нұрғали атамыздан үлгі алсаңдаршы», – деген жазбалар бар.







