"Өрттің тұтануы тегін емес"...

436
Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева бауырлас Түркия еліндегі алапат өрт оқиғасына қатысты өз ойын бөлісті.
 
Өнер иесі Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, көпшілікті дұғада болуға шақырды. Оның сөзінше, өрттің бірден бірнеше жерде тұтануы тегін емес. 


"Түрік ағайындарымызға Алланың Өзі жәрдем берсін. Апат айтып келмейді. Десек те, бірнеше жерде өрттің бір мезгілде тұтануы тегін емес сияқты. Желіде от қойып жатқан күдіктілердің видеолары таралуда. Қаншама адамның, жан-жануардың обалын мойынға арқалап кетуден сақтасын Алла. Алайда, Алла бәрін көріп тұр! Пейіліміз тарылмасын. Не тапсақ та пейілімізден, ниетімізден табатынымызды ұмытпайық! Тілсіз жауды ауыздықтап, қалыпты тіршілік қайта оралсын инша Аллаһ. Жер бетін жамандық жайласа, Алла апаттар жібереді.Алладан кешірім және дұға тілейік. Жүніс а.с. киттің ішінен алып шыққан - дұға! Бізді де кез келген қиындықтан алып шығар ең күшті қару, ол - дұға", - деп жазды әнші. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.