Бала күнгі видеосын жариялаған Дариға Бадықова елді таңғалдырды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Отандық танымал актриса әрі кинопродюсер Дариға Бадықова желіде кішкентай кезіндегі видеосын жариялап, елді таңғалдырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дариға Бадықова аталмыш бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда 8 жасар актрисаның сахнада ән шырқап тұрғанын көруге болады.
Желі қолданушылары актрисаның бала күнінен аса өнерлі екенін атап өтіп, оған жылы лебізін жаудырды. Көпшілік Бадықованың дауысына жоғары бағасын берді.
Қаз
Рус






