Мақпал Жүнісова Президентке сыйлық берді

2 520

Фото: ©️видеодан скринПрезидент Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісоваға Ақордада өткен салтанатты жиында ІІ дәрежелі «Барыс» орденін табыстады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Мақпал Жүнісова кейінгі 25 жылда мемлекет тарапынан алғаш рет марапат алып отырғанын жеткізді.  Әнші Ақордаға алғаш рет келгенін айтты. Сонымен қатар Президентке өзінің әндері жазылған үнтаспаны сыйға тартты. Қуанышқа бөленген әнші қарапайым болмысымен оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. 

Жүзінен шынайылық пен қарапайымдылық лебі есіп тұрған Мақпал апайдың қуанышын сырттай бақылап тұрып, менің де жүрегім жылып қалды. Сондай сүйкімді жан.
Мақпал апай, ауырмаңыз! Елдің алдында жарқырап, көмейіңізден әсем ән кетпей, аман-есен жүре беріңіз. Халқыңыздың сізге деген махаббаты ешқашан ортаймайды - деді оқрмандар.

Әншінің айтуынша  бұл - Ақордаға алғаш келуі. Әрі араға ширек ғасыр салып, мемлекет тарапынан алған алғашқы марапаты екен. Сондықтан, көңілде толқыныс барын жасырмады. Әндері жазылған үнтаспасын да ала келіпті. Салтанатты рәсім аяқталған соң Президентке арнайы ұсынып, өткен күндердің естелігіндей ықыласын білдірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.