Қайрат Әділгерей жаңа киносына Джеки Чанның не үшін түспегенін айтты

2 567

Фото: instagram.com/kairat_adilgerey“Хотя бы кинода – 3” киносының продюсері, актер Қайрат Әділгерей Джеки Чанды жобаға шақырмақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Өнер иесі Динара Сәтжанға берген сұхбатында танымал қытай актерінің ризашылығын алғанын жасырмады. 

“Осы жоба басталмас бұрын Нұргүл Даубаеваның таныстары арқылы Қытаймен байланысқа шығып, Джеки Чанды шақыруға оқталдық. Бір сахнаға 600 мың доллар сұрады. Өкінішке қарай, ол кісінің кестесі 1 жыл алға жазылып қойған екен. Сонымен сәті түспеді”, – деді актер. 

Сонымен қатар актер Джеки Чанның киноға түсуге келісім бергенімен, уақыты болмағанын алға тартты. 

“Джеки Чан мырза Қазақстанды қатты сыйлайды екен. "Әсіресе, Димаштан кейін Қазақстанды қатты жақсы көріп қалдым, халқы қонақжай. Өкінішке қарай, кестем сәйкес келмейді. Бірақ қыркүйек айының 15-іне қарай түсіп бере аламын" деді. Ал біз түсірілімді күзге қалдыра алмадық", – деді әзілкеш. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.