Актер Рамазан Амантай қызды болды

480

Актер, ақын әрі сазгер Рамазан Амантай алғаш рет әке атанды. Оның жары Гүлфару 2 сәуір күні қыз босанды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жас отбасын продюсер Нұрлан Қоянбаев құттықтады. "Бауы берік болсын", - деп жазба қалдырды ол Instagram-да. 

Айта кетейік, Рамазан Амантай көпшілікке "Бизнес по-казахски" фильміндегі Еркоштың образында танылды. Көпшіліктің көңілінен шыққаны соншалық, оның кейіпкеріне арнап Қоянбаев бөлек фильм түсірді.
Қазақстандағы тұңғыш I go to School спин-офф фильмі наурыз айында көрерменге жол тартқан болатын. Онда Рамазанмен бірге басты рөлді үнді актрисасы Авика Гор (Ананди) сомдаған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.