Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты сот отырысы өтті

2 269

Алматыда сот Төреғали Төреәлінің ісін қайта қарап жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Алматы соттарының Facebook-тағы парақшасына сілтеме жасап.


“Алматы қаласы Түркістан аудандық сотында Т. Әлихановқа қатысты (Төреғали Төреәлі) ҚК 378-бабы 1-бөлігі бойынша (Билік өкілін өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау) қылмыстық іс қаралып жатыр”, – делінген жазбада.


Төреғали Төреәлі қазіргі уақытта еркіндікте. Оған тағайындалған бұлтартпау шарасына сәйкес әнші әрбір сот отырысына уақытша ұстау изоляторынан емес, үйінен келеді. 


Бұған дейін Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Бірақ әншінің адвокаты оны ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Кейін бұл жағдайға өнердегі әріптестері пікір білдірген еді. Даулы оқиғадан кейін Төреғали Төреәлі 18 шілде күні бостандыққа шықты.