Димаш Құдайберген америкалық Forbes парақшасына енді

603

Димаш Құдайбергеннің Fly Away әні америкалық Forbes журналы құрастырған Twitter желісіндегі ең көп талқыланған тректер рейтингіне енді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл жаңалықпен Димаш Құйдабергеннің өзі әлеуметтік желіде бөлісті.

"American Forbes. Толық мәтінді ресми парақшадан оқуға болады", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Америкалық Forbes басылымы құрастырған Hot Trending Songs рейтингінде Димаш Құдайбергеннің әні алтыншы орынға табан тіреді. Журналдың атап өтуінше, бұл осы аптадағы ең шулы дебют, себебі қазақстандық әртіс алғаш рет Twitter желісіндегі ең көп талқыланған тректер кестесіне енді.

"Әрине, оның бүкіл әлемде үлкен жанкүйерлері бар, бұл оның жеткілікті твиттер алуына көмектесті", - деп жазады Forbes.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.