"Апама жездем сай"

617

Ерке Есмахан тағы да сынға ілікті - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Фанаттарының пікірінше, әнші жас жігітпен жүремін деп өзгеріп кеткен.Әнші қазіргі уақытта сүйіктісі Азамат Зенкаевпен Ақтаудағы Rixos қонақ үйінде демалуда. Ерке демалыстың қалай өтіп жатқанын Instagram парақшасында көрсетуде.
Кеше Ерке ерекше фотоларын жариялап, елден сөз естіп қалды. Хейтерлердің қаһарына ұшырайтынын білсе керек, өзі: 
"Тұрыс ладно, не отырыс енді мынау?" - деп жазыпты.

Желі оқырмандары әншіні бұл қылығы үшін сынап тастады. 
"Апама жездем сай қосылыпты ғой", "Не боп кетті, еркекшора болып кетті ме? Ұзын көйлек киген Ерке бикеш болмай кетті ғой", "Жас баланың қасында жүрсең, әлі талай неше түрлі отырыстар болады", "Отырыс енді от", "Кәмшат сияқты купальник киіп, талтайып отырмасаң болды. Қалғаны керемет", - деп жазды оқырмандар. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.