Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің ортасына түсті

639
Айдарбекова: Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді дейді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жақында ғана Мальдив аралдарында 33 жасын тойлаған Қайрат Нұртас жеке меншік мерекесін отбасымен емес, өнердегі достарымен дүркіретіп атап өтті. Елдің сөзі Айдарбекованың көңіліне тисе керек, продюсер өзін айыптағандардың біріне жауап берді. 

"Менің жанұяма тыныштық беріңдер. Керексіз жерге тұмсық тығып, тіміскілеп, аңдығандарың отбасымның өмірі болды ғой. Қайрат не Жұлдыз менен не жамандық, не айуандық көріпті? Қашан мен араларына түсіппін? 18-дегі бала емес менің дегенімді жасап отырған, жастары 33-34-те. Мені тыңдайтын ұл-келін болса, немерелерімнен ажыратпай, қол ұстасып жүрер еді. Қай ана өз ұрпағын жылатып, сұрпайылық жасаушы еді? Екеуі бірге жүрсе, "жоқ жүрмейсің, мен жүремін" деп отыр ма екенмін көкбеттеніп?

Өз баламды өзімнен қызғанып, бірге көрсеңіздер, тоқалын көргендей зәре-құтыларыңыз қашып бітті ғой. Сонда сендер ауыздарыңа келгенін құсады екен, пал ашып сөйлейді екен деп өз балама жоламай, тығылып жүруім керек пе? Сендерге айтпасам, бала-шағалары бар, ойланар, естерін жияр деп үміт етіп жүрген шығармын", – деп ашуланды Гүлзира Айдарбекова.