«Кейде күнде ажырасқым келетіні рас»: Танымал актер шындығын айтты
«Келінжан» телехикаясындағы Мәдібек рөлі арқылы танылған актер Назар Шерхан Kezdesu show бағдарламасына берген сұхбатында отбасы, неке және ажырасу тақырыптары туралы ойын ашық айтты. Оның «күнде ажырасқым келеді» деген сөзі әлеуметтік желіде кең талқыланып, қызу пікірталас туғызды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Актердің айтуынша, қоғамда махаббат пен отбасы тым мінсіз күйде көрсетіледі, бірақ шын өмірде кез келген жанұяда түсініспеушілік пен ішкі күрес болатынын мойындау қажет.
Назар Шерхан ажырасу ойы жиі келетінін жасырмай айтып, бірақ оны ең оңай әрі жеңіл шешім деп санайтынын жеткізді.
Ол сонымен бірге отбасын сақтау көбіне ер азаматтың табандылығы мен төзімділігіне байланысты екенін атап өтті.
Бұл пікірлер қоғамда біржақты қабылданған жоқ. Желі қолданушыларының бір бөлігі актердің шынайылығын құптаса, енді бір бөлігі оның ойын жеткізу тәсілін сынға алды.
Қалай болғанда да, Назар Шерханның бұл сұхбаты қоғамда отбасы құндылығы, ер мен әйелдің жауапкершілігі және некедегі шынайылық туралы кең талқылау тудырғаны анық.







