"Партия құрғым келеді": Динара Сәтжан мәлімдеме жасады

272

Фото: Д.СатжанТанымал тележүргізуші Динара Сәтжан саясатқа бет бұрмақ. Ол алдағы уақытта жеке партиясын құрғысы келетінін мәлімдеді. Сәтжан партияға тек әйелдерді қабылдамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Трендтен қалмау үшін мен де өз партиямды құрғым келеді. Ынталы топта кемі 1 мың адам болуы керек және дәл сол құрам съездге баруы керек, дейді. 
Мен рационалды адаммын. Сондықтан алдымен дауыс беріп көрейік. Менің партияма кім барар еді? Бірден айтайын, тек әйелдер кіре алады", - 
деп жазды Сәтжан Instagram-да. 


Желі қолданушылары Сәтжанды қолдады.

"Әлеуметтік салаға келгенде көзқарасым сіздікімен сай келеді. Сондықтан мен барар едім және белсенді болар едім", "Динара, біздің қоғамның көзі ашылды. Сен болмасаң, басқа біреу ашады. Бірақ саған көбірек сенім артамыз. Динара, алға. Өмір бойы партия құрамына кіріп көрмеппін. Ал әйелдер партиясына қуана барамын", "Динара, қолдаймын. Бірде бір партияда болмаппын, бірақ сіз құрсаңыз, барамын", - деп жазды оқырмандар. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.