"500 адам шақырдық": блогер Әден Марғұлан тойына қалай дайындалып жатқанын айтты
Қазақстандық танымал блогер Әден Марғұлан жақында дүркіретіп той жасап, шаңырақ көтермек. Желі жұлдызы бүгінде қуанышына дайындықты қызу бастап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әден Марғұлан қазіргі уақытта той алдындағы жұмыстарды іске асырып жатқанын айтты.
"Қазір тойға дайындықты бастап кеттік. Бұрынғыдай тойға шақыртуды үйлеріне барып таратпайсың. Онлайн түрде жібере саласың. Мен өзіме қатысты тірліктерді шешіп жатырмын. Ата-анам өзіне қатысты жұмыстарды атқарып жатыр. Құдалықта беретін сыйлықтарын алып жатырмыз", - деді ол.
Сонымен қатар блогер не себепті некесін тойдан бұрын қиып тастағанын түсіндірді. Ол бүгінде ұйымдастыру жағынан достары қатты көмектесіп жатқанын жасырмады.
"Неке қиған себебім, жүргеннен кейін қолынан ұстап, еркін жүргім келді. Тойды тілектерсіз жасасам деп отырмын. Тойымды өнерлі достарым көтеріп алады. 450-500 адам келеді. Үйлену тойыма көп қаржы жұмсасам да, ұйымдастыру жағы достарымның мойнында. Олар барынша қолдау көрсетіп, көмектесіп жатыр. Жігіт жолдас Жансерік Қадырбаев болады", - деді Марқұлан Әден "Ревю" бағдарламасында.