Айнұр Тұрсынбаева келіншектерге 28 күн бойы ұрыспай жүруге кеңес берді

593

Айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева қыз- келіншектерге үйде  28 күн бойы  мүлде ұрыспай жүруге кеңес берді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы айтыскер ақын Instagram парақшасында жазды.

"Қарап тұрсақ қанша әйелдің миында сұрапыл соғыс жүріп жатыр.Сол мидағы аласұрған ойларды аузымыздан шығарып үйдің де берекесін алып жүргеніміз өтірік емес... Өмір бойы ұрысып, ашуланып қарық боп келе жатырмыз ғой, енді тағы бір 28 күн жақсы сөйлеп, дұрыс тамақтанып, энергия көтеріп, ұрыссыз өмір сүрсек «потокка» кірмегенде қайда барамыз. Аллаға шүкір жеріміз тыныш!Бірақ жан дүниесінде тыныштық жоқ адам бейбітшіліктің қадірін сезіне ме? Бұл марафонға қатысқандар 28 күн ұрыспау керек. Оны Сіздер жақсы білесіздер. Өткен 28 күнде бұл біреуіңіздің қолыңыздан келсе біреуіңізден келмеді. Дегенмен, әлі де талпынған дұрыс", - деп оқырмандарына сұрақ қойып оларды 28 күн ұрыспай жүретін марафонына шақырды.