Феминистер атақты футболистке қарсы акция өткізді

536
Level Up феминистік ұйымы "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналдуға қарсы акция өткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі Gazeta басылымына сілтеме жасап.

"Олд Траффорд" стадионында өткен Англия чемпионатының "Ньюкасл Юнайтедке" қарсы төртінші турының кездесуі кезінде модель Кэтрин Майоргиді қолдау үшін аренаның үстінен ұшақпен баннер ұшып өтті.

Осылайша феминистер Роналдуды 2009 жылы зорлады деп айыптаған қыздың ісіне назар аудартқысы келді.

2018 жылы Майорга футболшыны  зорлады деп айыптаған болатын. Оның айтуынша, оқиға 2009 жылы Лас-Вегаста болған. Модель футболшының өкілдері оған ақпаратты жарияламауы үшін 375 мың доллар төлегенін айтты.

2020 жылдың қазанында қыз қайта сот ісін ашпақ болды. Ол 2010 жылы ақпарат жарияламау жайындағы келісімшартты түсіне алмағанын айтты.

Ал Роналду оқиғаны үзілді-кесілді жоққа шығарып отыр. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.