"Құдай ақы, маған по*уй": блогер Ырысбаланың мәлімдемесі жұрттың жағасын ұстатты

2 527

Фото: instagram.com/irisbala__ikrambai_officialТанымал блогер Ырысбала Икрамбай әлеуметтік желідегі парақшасында өзін сырт келбетіне бола сынайтын оқырмандарға жауап берген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Блогер өзіне қатысты айтылған сынға мән бермейтінін ашып жазған. 

«Іші іріңдер мен туралы не ойлайсыңдар, айтасыңдар, жазасыңдар. Құдай ақы, маған по*уй. Бір реті келгенде жаза салайын дедім. Өшіріп әуре болғым келмейді», – деп жазды ол.

Сондай-ақ Ырысбала өзін «ұсқынсыз» деп жазған желі қолданушысының пікірін де сторисінде жариялап, оған әзілмен жауап қатты.

Пікір иесі:

«Ища, мына жексұрынмен қалай қатар тұр», – деп жазған.

Ал блогер бұл сөзге:

«Мен сияқты жексұрын болу – біразға арман. Қатар тұру – орындалмас арман», – деп мысқылмен жауап берді.

Желі қолданушыларының бір бөлігі блогердің жауабын қолдаса, енді бірі танымал адамдарға қатысты жеке басқа тіл тигізетін пікірлердің көбейіп кеткенін айтып жатыр.