Ерке Есмаханға күйеуі 12 миллион теңгенің сөмкесін сыйлады
Танымал әнші Ерке Есмахан өзіне арнап тігілген қымбат сөмке сыйлыққа алғанын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Осыдан 10 жыл бұрын, қомақты табыс тауып бастағанда, дәл осындай сөмке ұстаймын деп ойламадым. Ауылдан шықтым, Ақтөбеде тұрып, Алматыға келдім. Керемет орталарды көріп, көп нәрсені түсіне бастадым. Бала күнімнен сәнге жақынмын. Аңыз сөмкені қатты армандадым. Міне, күйеуімнің арқасында орындалды", – дейді ол.
Өнер иесі тапсырысын 2 ай күткенін жасырмады.







