Танымал әзілкеш Мейрамбек жайлы құпияны ашты

2 556

Фото:© әлеуметтік желіден/коллажТанымал блогер, әзілкеш Мейрамбек Беспаев жайлы шындықты айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Ол әншінің өте сақ адам екенін байқаған. Айтуынша отырыстарда ешкімге өзін түсірткізбейді. 

"Мейрамбек ағамыз өте сақ адам. Ол кісіні өте көп жерлерде қонақ қылады. Бір адам телефон шығарып қалды ма отырысты тоқтатады да, "әкел, не түсіріп отырсың?" деп телефонын алып қояды. Түсіріп отырған адамның жанын шығарады. Кім дастархан жайып отыр соған береді. "Қандай адамдарды жинағансың? Менің абыройымды төгу үшін шақырдың ба сен?" деп айтып тастайды. Ол кісі жәй отырмай бәрін байқап отырады. Биыл өзі сливтар жылы болды ғой. Видеолар шығып кетіп жатыр",  - деді әзілкеш. 

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл әрекетіне түрлі пікір қалдырған. 

"Жасыратыны бар да", "Артым ашылып қалмасын дейді да", "Арты таза емес болған соң шығар", "Өзі абыройын шашатын әрекет жасамаса не қорқатыны бар", "Сақ болмаса екінші әйел ұстай ма", "Қазанға жоласаң күйесі жұғады", "Мейрамбектің артын ашып отырсың ғой", - деп жазды оқырмандар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.