"Мен абысын атандым": Мәдина Сәдуақасова келін түсірді

1 328

Эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасова абысын атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ол бұл жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті.


«Құттықтасаңыз болады! Мен абысын атандым. Қайыным Сабит үйленді. Маусымжан атты келін келді үйге! Жастар бақытты болсын! Ендігі кезек Демежан деген қайынымда. Әнуарға уақыт бар енді», - деп жазды ол.


Желі қолданушылары жастарға жаппай бақыт тілеген.


«Бақытты болсын, қуаныштымыз», «Статусыңыз өсіп жатыр екен, керемет», «Абысыныңыз да, өзіңіз де сұлусыздар, бақытты болыңыздар», - деп жазды олар.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.