Әлия Телебарисова: 27 жасымда жесір қаламын деп ешқашан ойламаппын
Әлия Телебарисова басынан өткерген қиындықтарын еске алды. Актриса осы күнге дейін жүріп өткен жолы мен қазіргі жұмысы, жастай жесір қалуы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Көпшілікке "Жаужүрек мың бала", "Ағайындылар" фильмдері арқылы танылған Әлия 21 жасында Азамат есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шықты. Айтуынша, "өмірлік махаббатымен Америкаға оқуға кетпес бұрын танысқан". Екеуі бірнеше жылдық қарым-қатынастан кейін, отбасын құруға бел буады. 2014 жылы отау құрған Азамат пен Әлияның шаңырағында екі бұрымды қыз дүниеге келеді. Екеуінің бақытты ғұмырын Азаматтың қатерлі дерті бұзды. 2020 жылы Әлияның күйеуі аурудан көз жұмды. Актриса жұбайының жақсы адам, адал жар, үлгі тұтарлық әке болғанын айтады.
Онымен қоса, қызымның бірінші сыныпқа баратыны мен үшін таңғалдырарлық жағдай", – деп ағынан жарылды Телебарисова.
Актриса өсіп келе жатқан екі қызы үшін "үлгі тұтарлық тұлға" болғысы келетінін атап өтті.
Одан бөлек, өнерге алғаш қадам басқан кезі мен қазіргі жұмысы жайлы аз-кем баяндады.
Әлия қазіргі уақытта қызмет саласын ауыстырған. Бір кездері кино жұлдызы болған актриса бүгінде кеңсе қызметкері, іс жүргізуші болып жұмыс істеуде.