"Күйеуіне қызмет етуді үйретеді": Айсәуле Бақытбек қазақ қыздарының тәрбиесіндегі үлкен қателікті атады
351
Айсәуле Бақытбек қазақстандық қыздардың тәрбиесіндегі ең үлкен қателікті атады. Сөзінше, біздің елде қыздарды үй шаруасына бейімдеп, күйеуі мен отбасына қызмет етуге тәрбиелейді. Ал ол көптеген нәзік жандылардың бақытсыз ғұмыр кешуіне себеп болады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Айсәуле Instagram-дағы парақшасында жазды.
Айсәуленің өзі үй шаруасымен сирек айналысады. Қазіргі уақытта уақытының көп бөлігін сәбиіне, бизнесіне, өзіне арнайды. Ал үй тірлігін жасайтын қызметішісі бар. Мұны байқаған желі қолданушылары Айсәулеге бұл жайында толассыз сауал тастаған.
"Қалаған кезде тамақ істеймін, үй жинаймын. Бірақ аптасына 3-4 рет үйге көмекшім келеді. Осыған ұқсас сұрақтар мен айыптаулардың көп болғанына қарағанда бұл – қазақстандық әйелдердің ең жанды жері. Бұл біздің елдегі қыздар тәрбиесіндегі қателіктерді тағы бір мәрте көрсетеді", – дейді Айсәуле.
Бақытбекқызының сөзінше, көптеген қыздарды бала кезінен күйеуіне, туыстарына, үйге қызмет етуге үйретеді.
"Бірақ оның шынайы бақытпен ешқандай байланысы жоқ екенін айтпайды. Көптеген қыздар тұрмысқа шығып, сол сұмдықпен шынайы өмірде бетпе-бет келеді. Дәл осы себепті ең үлкен қателікті жіберіп алмау үшін өмірлік серікті таңдау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға кеңес беремін.
Бұл сұраққа келгенде өз жүрегіңнен басқа ешкімді тыңдама. Тағы айтарым: Оқыңдар, оқыңдар және жұмыс істеңдер", – деп түйіндеді сөзін Айсәуле.
Бұл сұраққа келгенде өз жүрегіңнен басқа ешкімді тыңдама. Тағы айтарым: Оқыңдар, оқыңдар және жұмыс істеңдер", – деп түйіндеді сөзін Айсәуле.