«Қаныңды ішіп хабарласады»: Дариға Бадықова жақсылықты көре алмайтындарды сөз етті
2 446
Таяуда сырқаттанып қалған актриса Дариға Бадықова қазіргі жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агеттігі.
Оның айтуынша, өзі «ауырып жатырмын» деп қол қусырып отыра алмайды.
«Емделіп жатырмын. Шыдамсызбын, тірліксіз отыра алмаған соң, ауруды әлдилеп отыра алмай отырмын. Дәрігерлер басқалар сияқты әлдиле деп жатыр. Жан-жақтан қаныңды ішіп хабарласатындар бар», - деп жазды актриса.
Сонымен қатар өнер иесі қандай адамдарды ұнатпайтынын айтты.
«Жақсылықты көре алмайтын, жақсылығыңды айта алмайтын, бөсіп сөйлейтін, қолынан дым келмейтін, ниетім таза деп, бірақ, әрекетсіз отыратын, біреуге міндет қылатын міндетшілдерді ұнатпаймын», - деп жазды кинопродюсер