Белгілі актриса Дариға Бадықова тойда 200 теңгеге ән салған кезін еске алды
444
Танымал актриса Дариға Бадықова бүгінде шоу-бизнес әншілеріне бәсекелес болып алды. Ол кинодағы жұбы Рүстем Жаныамановпен бірге тойға шығып жүр. Айтуынша, ол той бизнеске аяқ астынан келмеген. Мектеп кезінен думанды кештерде ән салып, ақша тапқан, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Актриса мектеп кезінде 200 теңгеге ән салған кезін еске алды.
"Жастайыңнан тойға шықсаң, төселіп те кетеді екенсің. 1996-1997 жылдары 200 теңгеге ән айтатынмын. Кететін кезде той иелерінен бауырсақ, кәмпит салып беріңізші деп сұрайтынмын. Одан 2000 жылдары 500 теңгеге көтердік. Ауыл-аймақтың тойларынан қалмайтынмын", – дейді Дариға Бадықова.
Ол бұл кәсібін студент кезде де жалғастырған.
"Мектеп бітірген соң, қалаға келіп 5000 теңгеге шығатын болдым. Жазғы демалыстарда ауылдарды аралап концерт өткізіп, киім-кешекке ақша табатынмын.
Концерттен 17-18 мың табатынмын. Барахолкаға келіп, шырт киініп, шырт түкіріп жүретінмін", – деді Бадықова.
Концерттен 17-18 мың табатынмын. Барахолкаға келіп, шырт киініп, шырт түкіріп жүретінмін", – деді Бадықова.