Түркияда дүркіретіп келін түсірген Тұрсынбаева жақында әже атанбақ

1 844

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жақында әже болатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Айтыскер жалғыз келінінің жүкті екенін және босануына аз ғана уақыт қалғанын желіде жариялады.


«Ал немереміздің дүниеге келуіне санаулы күндер қалды... Ұл балаға қандай ерекше есімдер бар? Керемет есім тауып берсеңіздер керемет сыйлық жасаймын...», - деп жазды ол.


Көпшілік ақынның бұл жаңалығына сүйсініп, ақ тілектерін жаудырған.


«Жақсы жаңалық екен, салиқалы ұрпақтан болсын», «Осынша уақыт қалай жасырып жүрдіңіз, қызық», «Қуаныштымыз, ата-анасы, сіз сияқты әжесі аман болсын», - деп жазды олар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.