"Ақша жоқ": Бейбіт Көшқалиев әншілікті тастап, ауылға қайтпақ болған кезін еске алды

251

Фото:https://www.instagram.com/beibit_kushkaliyev/

Бейбіт Көшқалиев өнер жолында кездескен қиын жағдай туралы айтты. Әнші бір кездері әншілікті біржола тастап, ауылға қайтпақ болған. Алайда әріптес, достарының қолдауымен ақыры қалада қалып, клип түсірген. Тек дәл түсірілім болатын күні белгілі музыкант Батырхан Шүкенов қайтыс болып, әнші әріптестерінің алдында ыңғайсызданғанын айтты, деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Stan.kz ке сілтеме жасап.


"2013-те өнерге қайта келдім. Қарекет жасап жүргенде 2 жыл зу етіп өтті. Отбасылы болған соң 2 жыл қиын болды. Балалар өсіп келе жатыр. Баспана жоқ, хит шықпайды. Ақша жоқ дегендей. Машақаттар көбейіп кетті. Содан Ғалымбек Исмбергенов досыма: “Қой, Гоша, мен ауылға қайтатын болармын” - деп, шешімімді айттым. “Қой, сабыр ет. Бірдеме шығар. Құттай күтшиш” деп, Ғалымбек насихаттады. Сол құттай кідіріс болар, осы “Қайтесің жаным өзгені” әнін берді. Білімділер айтпақшы: “Ең бірінші идея. Қалғаны табылар” демекші, клипке 3 мың доллар Ринат Гайсин ағам көмек берді. Гоша 3 мың доллар беріп, осындай дүние шықты. Артымда тұрған бишілер украиналық достар. Өздері би қойып, билеп, клипке түсіп берді. Локацияны Динара Адам тегін берді. Алғысым баршасына шексіз.


"Әрбір жұмыс, жоба білесіздер мінез, қарым-қатынас, мәміле, сұқбаттан тұрады. Сол жылдарды (2015) Жанар Дугалова Баян Мақсатқызының қарамағында болды. Баян ханымға рұқсат алуға телефон соғып, Жанарды сұрадым. Баян ханым қыздарын анау-мынау жобаларға бермейді деп естіген едім. Уайымдап кеткенсің ғой. Әнде Жанардың дауысы болған. Өзінің болғанын қалаған едік. “Уфф” рұқсат береді. Жанар да келісті. Сол жылы (1.05.2015) тағы бір сынақ марқұм Батырхан ағамыз дүниеден өтті. Дәл сол күні (1 мамыр) жаназасы еді. Жанар бізге “не болды сонша қайғылы күні түсіріп” деп, ренжіді. Әрине түсінеміз. Бірақ жоба ақшада құралғасын тоқтату мүмкіндігі болмады", - деп жазба қалдырды Көшқалиев желідегі парақшасында.