Қыдырәлі мен Қарақат 5 жасар қызына хиджап кигізді
578
Жалғыз қыздарын тұмшалап қойған өнер иелері жұрттың сынына ілікті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ғаламторда қызу талқыланған видеоны әнші Қарақат Әбілдина өзінің жеке парақшасына жүктеген. Аталған бейнежазбаға зер салсақ, анасы қаршадай қызды ақ орамалмен тұмашалап, құран сүрелерін оқытқызып қойған.
Бесіктен белі шықпаған қызына құран сүрелерін оқытқызып, оны видеоға түсіріп, кейін желіге жариялаған Қарақаттың бұл әрекетін жұрт жақтырта қоймаған сияқты. Оқырмандарың басым бөлігі Қыдырәлі Болмановтың әйелі мен қызын сынап, түрлі пікір жазыпты.

Фатиха сүресінің қасиеті жайында хадис шәрифтерде былай делінеді: "Қайыры ең көп болған сүре — Фатиха, барлық дертке дауа", - деп жазды Қарақат Әбілдина.
Бесіктен белі шықпаған қызына құран сүрелерін оқытқызып, оны видеоға түсіріп, кейін желіге жариялаған Қарақаттың бұл әрекетін жұрт жақтырта қоймаған сияқты. Оқырмандарың басым бөлігі Қыдырәлі Болмановтың әйелі мен қызын сынап, түрлі пікір жазыпты.
"Сол сүре, дұғаны түсініп отырған ол жоқ. Жәй отырған қуыршақ. Шешесінің істеп жүргені. Қаралым, лайк, оқырман жинау, танымалдылық. Басқа не болуы мүмкін?", "70 жыл орыстың шошқасын жеп келдік, енді араб болуымыз қалды", "Артықтау кеткен сияқты" - деп жазы желідегі жұрт.