Әнші Кенжебек Нұрдолдайдың тойы шынымен бейнебаянның түсірілімі ме?
Жазда шаңырақ көтерген зағип әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бұрынғы жары Жәмилә Тоқанова «Көреміз» бағдарламасында тойларына қатысты бар шындықты айтты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әншінің бұрынғы әйелі Кенжебек Нұрдолдайдың тойды фейк деп айтқаны өтірік екенін мәлім етті.
Сондай-ақ, Жәмилә Тоқанова отбасылық өмірде күйеуінің өзіне қол көтергенін айтты.
Оған қоса Жәмилә Кенжебек екеуінің некесі заңды түрде тіркелмегенін, әншінің түрлі сылтау айтқанын да жасырмады.







