"4 ай тегін жұмыс істедім": Хореограф Ердос Усабаев Ерболат Беделхан өзін "лақтырып кеткенін" айтты

544
Қазақстандық танымал хореограф Ердос Усабаев кезінде төрт ай бойы Ерболат Беделханның командасында тегін жұмыс істегенін айтты. Сөзінше, продюсер оның еңбегін пайдаланып, соңында ақысын төлемей қойған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  KAZ.NUR.KZ
сайтына сілтеме жасап.

Ердос Усабаев "Ninety one" енді таныла бастаған кезде топ әншілеріне би билеуді үйреткен. Белгілі болғандай, ол топ дебюті "Айыптама" әнінің қойылымын өзі қойған.

Алайда Ерболат Беделхан хореографтың еңбекақысын бермеген. Нәтижесінде төрт ай жұмыс істеп, Ердос Усабаев онымен ары қарай жұмыс жалғастырудан бас тартқан. Оның сөзінше, продюсер оған жеке студия ашып беруге уәде етіп, ол сөзінде де тұрмаған.

"Ерболат мені лақтырып кетті. 4 ай тегін жұмыс істедім. Күн сайын дайындыққа барасың, "Айыптама" әнін 3 сағат тыңдайсың, билейсің. Ол маған: "Дос, шыдай тұршы, мен саған студия ашып беремін. Бас хореограф боласың. Eaglez-дар көп қой. Олар келеді, сен үйретесің. Ақша көп болады. Мен саған сенемін" деді. Мен соған сеніп қалдым. Өзі алыс жерде еді. Саяхаттың ар жағында болған. Күн сайын барып-келуге таксиге 2 мың теңге кететін. Тамағымды өзім алатынмын, жолыма өзім төлейтінмін. Сонда 4 ай тегін жұмыс істедім. "Айыптама" әніне қойылым қойдым. Күнде бишілермен жұмыс істедік. A.Z мен Bala нашарлау билейтін, сол үшін олармен көп жаттығатынбыз. Zaq еңбекқор бала, бәрін алып шықты", - деді хореограф "Taboo" бағдарламасында.