Жанар Айжанова: Ет тұздап, пышақ қайрауды білмейтін еркек – еркек емес

410

Жанар Айжанованың қазақ жігіттеріне деген өкпесі қара қазандай. Әнші бұл жолы әйелдердің тапқанын ішіп-жейтін ер-азаматтарды қатты сынға алған, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К  сайтына сілтеме жасап. 

instagram.com/zhanar_aizhanova

Жанар Айжанова бүгінгі күннің еркек кіндіктілеріне ренжулі. Өнер иесінің айтуынша, қазіргі қазақ жігіттері жатыпішер, ақсаусаққа айналған.

"Ет тұздап, пышақ қайрауды білмейтін, жілік танымайтын еркектерді көрсем төбе шашым тік тұрады. Қазіргі жігіттерге айтатын өкпем бар. Біздің жастардың өзіне үйренетін уақыт келді. Мүйізі қарағайдай ағаларымыз табақты қалай жасауды білмейді. Барлық кінәні қыздарға арта береді, әйелдердің арқасына тығыла береді. Шығатын уақыт болды енді, еркектер", — дейді Жанар Айжанова.

Сондай-ақ, әйелінің арқасында күнін көріп, ештеңеге бейімі жоқ жігіттерді "еркектер" тізімінен сызып тастау керектігін ашық айтты.

"Өзі мал союды білмесе, пышақ қайрау білмесе, әйелдің мұқтаж затын алып бере алмаса, ішкен-жегенін тауып бере алмай, әйелдің тапқан ақшасына масыл болып отырса, оны мен еркек деп айтпаймын. Исламда да солай айтады. Еркек үшін ең харам нәрсе — әйелдің тапқан тамағын жеу. Сондықтан ер адам үйдегі қызметін білу керек. Әйелі мықшыңдап ет тұздап немесе ет турап жатқан кезде қолын кесіп алса, қасында темекі шегіп қарап тұрған еркек — еркек емес", — деп ашуланды әнші.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.