Алла сәтін салды, шүкір!

572

Мальдив аралдарына барып, Қайрат Нұртасқа тосынсый жасаған Ерке Есмахан бұл жолы оған ерекше тілегін жеткізді. Ол Қайраттың "өзі жақсы көретін жандарымен бірге болуын" тіледі, деп - хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 


Ерке Мальдивте Қайратпен бірге түскен естелік суретімен бөлісті. Ол жаққа өз қалауымен барғанын айтты. 


"Мен тек өз қалауыммен жүретін адам екеніме көзім жетті! Өз еркелігімді өзім көтере аламын! Көңілімнің қошы Мальдив аралдарына барғысы келді, бардым! Алла сәтін салды, шүкір!" – деді Ерке. 


Сондай-ақ әнші бұл сапарына себепкер болған әріптесін құттықтап, оған деген ақжарма тілегін жеткізді. 


"Әрине, себепкер –  досым Қайрат Нұртас! Туған күніңмен! Денің сау болсын! Абыройың асқақтай берсін! Ата-анаң, бауырларың, отбасың, жанашыр жандарың аман болсын! Сен халықтың жүрегінен орын алған әншісің! Осы кезеңнен сүрінбей өтіп, жүрегіңмен жақсы көретін жандармен бірге бол! Бақытты бол! Сыйластығымыз ортаймасын!" – деп түйіндеді сөзін Есмахан. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.