Концертте тыңдарман жігіт Айгүл Иманбаеваға күш көрсетті

473
Айгүл Иманбаеваның концертінде өнер иесіне "Таңғы елес" әнін бірге айтуды өтінген жас жігіт тап берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Сахнада болған келеңсіз жайттың видеосы zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды.


Видеодан сахнаға атып шыққан жігіттің әншіге "Таңғы елес" әнін айтуды талап еткенін көруге болады.



Айгүл Иманбаева "Сценарий бойынша "Таңғы елесті" кештің соңында айтамын. Міндетті түрде айтамын" деп құтылуға тырысқан. Алайда тыңдарман жігіт сахнадан түсе қоймағасын, күзет шақырады. Сәлден соң өзге азаматтың көмегімен жас жігітті сахнадан алып кетеді. Видеодан көрермендер арасында да концертке келген тыңдармандардың “айтсайшы” деп айқайлағанын естуге болады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.