Азамат Сатыбалды қызметінен босады

549

Азамат Сатыбалды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Театр директоры болып Есеналиев Талғат Қамқабайұлы тағайындалды. 

"Алматы қаласына жасаған іс-сапар барысында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бардым. Театрдың жұмысымен танысып, Есеналиев Талғат Қамқабайұлын аталған мәдени нысанның директоры қызметіне тағайындадым. 
Бүгінге дейін осы театрдың ілгерілеп, дамуына айтарлықтай еңбек сіңіргені үшін Сұрапбаев Азамат Сатыбалдыұлына алғысымды білдіремін. Ал Талғат Қамқабайұлына алдағы жауапты қызметте сәттілік тілеймін", - деп жазды Дәурен Абаев Facebook парақшасында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.