Сәкен Майғазиевтің әйеліне телефон шалып, күйеуі Мадина Сәдуақасовамен жүретінін айтқан
Эстрада жұлдызы, «МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев алда келе жатқан халықаралық әйелдер күні мен өзінің 50 жас мерейтойына орай Қазақстан бойынша үлкен тур жасамақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ол Қазақстан ұлттық телеарнасындағы «1001» бағдарламасына қонаққа келіп, осы гастрольдік сапардағы жоспарлары туралы толық айтып берген. Ол өз тыңдарманы үшін дайындаған бірнеше тосынсыйы әрі көрермендері сүйіп тыңдайтын әншілермен дуэт ұсынатынын хабарлады. Дәлірек айтсақ, Сәкен Майғазиевтің Ақтау, Ақтөбе қалаларындағы турларына әнші, әріптесі Мадина Сәдуақасова да барып ән шырқайды. Осы ретте бағдарлама жүргізушісі Сәкен Майғазиевтен Мадина Сәдуақасова екеуі туралы әлеуметтік желіде толассыз жазылып жатқан қаңқу әңгіменің нүктесін қойып беруді сұраған.
Майғазиевтің айтуынша, Мадина Сәдуақасова екеуі бұндай әңгімелерге әбден үйреніп алған көрінеді. Дегенмен, бұл әншілердің жеке өмірі кейбір адамдарға қызық болғаны соншалық, әлдекім Майғазиевтің әйеліне қоңырау шалып, Мәдина екеуі туралы өсек айтып берген.