"Оқытып алдым". Супермамасита байытатын қызыл жіп сатып жатыр

458

"Супермамасита" атымен танымал блогер Әлия Байтұғаева күні кеше желі оқырмандарымен кездесті.Сол кездесуде ол қыз-келіншектерге қызыл жіп сатты, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Видеоны Супермамаситаның өзі Instagram-дағы парақшасында жариялады. Бейнежазбада танымал блогер келіншектердің білектеріне қып-қызыл жіп тағып жатыр. Әлия оны ақшаға сатқан. Өзінің айтуынша, ол жіптерді киелі орындарға барып оқытып қайтқан.

Мен бұл жіпке қаншама күш-қуатымды сарп еттім. Жіпті таққан адамның арманы орындалсын деп оны Дубай, Ташкент және еліміздің мешіттеріне барып, дұға оқыттым,— дейді Супермамасита.

Видеоны көрген желі қолданушылары оның бұл әрекетін сынай жөнелді.


"Шетінен алаяқтар, ақша табудың жолы". "Осы супермамасита түк көрмеген... Жалмаң-жалмаң етіп қалған", "Ақымақ кызыл жiп адамды байытса неге еңбектеніп жүрміз", "Аңқау елге — арамза молда",— деп жазды желі қолданушылары.