«Шындықты мен айтпасам, кім айтады?»

477
Халық әртісі Мақпал Жүнісова 17  жыл бойы жасырып келген шындығымен бөлісті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

9 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында жеке концертін өткізген әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты бар шындықты сахнада айтып берді.

«Шындықты мен айтпасам, кім айтады? «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» дейді қазақ. Сол кезде ештеңе ұрттаған жоқпын. Концерттен кейін тамағымның «отырып» қалғаны рас. 17 жылдан кейін менің қызымды иеленіп жатыр… Менің үйіме кірмеген адамдар, қызымның маңдайынан сүймеген адамдар арамызға от салып, иеленгісі кеп жатыр. Бауырға басқанымыз рас. Қай қазақ бауырына баспай жатыр? Зәкең екеуміздің екі баламыз түсіп қалды. Содан кейін Зәкең менің туған бауырымның баласын сұрады. Менің анам Зәкеңнің бетін қайтара алмады. Зәкең өзінің тегін беріп, қыз 18-ге келгенде айтам дейтін. Қазір қыз 20-ға келіп қалды. Менің бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл болды. Қызым өзінің бауырларын білсін деп айттым. Кінәламаңыздар. Қызым жылап, жылап, менен кешірім сұрады. «Мама, мені қайда кетеді дейсің» деді. Папасының фамилиясын өзгертпейтінін айтты», – деді Халық әртісі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.