Жұлдыз Әбдукәрімова балаларына өлім тілеген 2 әйелді сотқа берді

506

Жұлдыз Әбдукәрімова әлеуметтік желіде шектен шыққан  үш адамның үстінен іс қозғатқанын айтты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Актриса мәдениетсіздік танытатын азаматтарды ел алдына шығара бастады. Оның айтуынша, әлеуметтік желіде тәртіп орнатудың жалғыз жолы – осы. 

"Көлікте белбеу тағуды штрафпен үйреткендей, инстаграмда мәдениетті болуды осылай ел алдына шығарумен тоқтата алатын сияқтымыз", – деп жазды ол. 

Әбдукәрімова жеке басына тіл тигізген ер адамды көрсетіп, үстінен арызданғанын мәлімдеді. 

"Үндемеген сайын үдеп барады. Дәл осы жігітті және балаларыма өлім тілеген 2 әйелдің үстінен заңгерлерім іс қозғады. Әлеуметтік желіге де тәртіп керек. 
Осындай өрімдей жастар үйіндегі әке-шешесінің абыройын ойлай ма екен?! Балам үйде, қылығы түзде деген. Бұл негативтің иесі туралы ақпарат әп сәтте жиналды. Енді әрі қарай іс қозғалмақ", –  деп мәлімдеді актриса.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.