Әнші Медеу Арынбаевтың масаң күйде отырған видеосы тарады

2 538

Фото: instagram.com/medeu_arynbaev/Әлеуметтік желілерде белгілі әнші Медеу Арынбаевтың мейрамханалардың бірінде мас күйде ән айтып отырған видеосы кең тарады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бейнежазбада өнер иесі “Синатра” әнін орындап, жанындағы адамдармен көңілді отырыста отырғаны байқалады. Желі қолданушылары әншінің ішімдік ішкенін аңғарып, түрлі пікір қалдырды.

Олардың арасында: “Ағам ішсе дарылдап қалатыны бар енді”, “Ішке бірдеме барды-ау”, “Тәтең бүгін мас”, “Адам ғой, демалсын”, “Ішіндегі зар-мұңын осылай шығарып отыр” деген пікірлер де, “Мәке, қойсайшы болды” деген ескертулер де бар.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.