Ұлықпан Жолдасов атышулы Мұрат Әбділдәға іздеу салды

2 314

Танымал әнші Ұлықпан Жолдасов атышулы блогер Мұрат Әбділдәға іздеу салды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ұлықпан Жолдасов Мұрат Әбілданың бостандыққа шыққанын алға тартып, оның жазған әндерін жоғары деңгейде деп бағалады.

“Мұратжан, Мұраттардың ішінде Әбділдә, інім, сені түрмеден шықты деген жақсы хабар естіп жатырмын. Шығып жатсаң хабарлас, кел. Астанаға соқ. Әндеріңді қараймын. Біраз ән жазып тастапсың. Соңғы сұхбатың маған ұнады. Сондықтан көмегім дайын. Іздеп таба алмай жатсаң, Ғаділбекке жаз”, – дейді Ұлықпан Жолдасов.

Әріптесінің сөзін іліп әкеткен Ғаділбек Жаңай: 

“Маған жаз. Мен тауып беремін. Мұрат, шығып жатсаң, хабарлас”, – деді Ғаділбек.

Әнші осы бейнежазбаның Мұрат Әбділдәға жетуіне ат салысуды ұсынды.

Желі қолданушылары атышулы блогерге көмек ұсынған Ұлықпан Жолдасовқа алғыс білдіріп, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады.

“Ұлықпан аға көптің жұлдызын жақты ғой”, “Біріңді қазақ бірің дос көрмесең істің бəрі бос”, “Міне азамат,Ұлықпан Жолдасқа мың алғыс”, “Дұрыс, сондай таланттарды сіздер сүйремесеңдер, кім сүйрейді”, “Жарайсың, Ұлықпан”, “Мұраттың бағы ашылайын деп тұр”, “Бір-бірімізді қолдай жүрейік”, “Сауапты іс істеп жатырсыз”, – деп пікір қалдырды желідегілер.


@gadilbek_zhanay

ДАВАЙ БӘРІМІЗ МҰРАТ ӘБДІЛДАҒА ЖІБЕРЕЙІК ОСЫ ВИДЕОНЫ!

♬ оригинальный звук - Gadilbek