"Ұйқым келмейді әні өзіме ұнады"

1 334
Желіні шулатқан "Ұйқым келмейді" әнінің орындаушысы Алина Шакиева өзін жұлдыз қылған туындыға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды  «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

Алина Шакиева "Ұйқым келмейді" әнінің музыкасы мен сөзі өзіне ұнағанын және онда ерсіештеңе жоқ деп есептейді. Айтуынша, туындының бір күнде-ақ хит болып кететінін мүлдем күтпеген. Десе де, бұл жайтқа қуанып отырғанын да жасырмады.

"Әнімнің хит болғаны мен үшін күтпеген жағдай болды. "Ұйқым келмейді" әнін жақсы тыңдап жатыр. Әрине, мен қуаныштымын. Музыкасында, сөздерінде адамды тартатын нәрсе бар деп ойлаймын. Маған өзіме өлең ұнады. Музыкасы да, сөздері де ұнады. Мәтінмен музыка бір-біріне келеді деп ойлаймын. Бастысы, маған ұнап тұр. Менің қазақша түсінбейтінімді пайдаланып кетті деп ойламаймын. "Қош бол деп айттың, тағы бірдеңе дедің" деген жерін  TikTok-та бәрі қайталап жатыр. Мен бұлай таралып кетеді деп күткен жоқпын", - деп ағынан жарылды әнші "1001 түн" бағдарламасында.

Айта кетейік, бір күн бұрын желіде "Ұйқым келмейді" әні таралып, елдің қызу талқысына түскен еді. Желіні шулатқан туынды екі күнде 300 мыңнан аса қаралым жинап, трендті видеолардың көшін бастаған.

Алайда жас орындаушыны мақтағандардан гөрі бұл ән үшін сынға алып, мазақ еткендер көп болды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.