Нұрлан Қоянбаев "Шапағат" медалімен марапатталды
399
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ақордада бірқатар азаматтарға "Шапағат" медалін табыс етті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Атырау облысы Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұстазы Дарижан Төрехановаға "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілді.
Президенттің айтуынша, ұстаздың көптеген оқушылары ағылшын тілі пәні бойынша республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері.
"Ерен еңбегі үшін" медалі жаңаөзендік мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Роза Шишенбаеваға табысталды.
"Шапағат" медалімен Қостанай облысының "Касарас" медициналық орталығының бас дәрігері Гүлмира Сейдағалиева, Балхаш аудандық орталық ауруханасының хирургі Ілияс Қалиев, блогер Денис Кривошеев пен "Казтелепродукт" студиясының бас продюсері Нұрлан Қоянбаев марапатталды.
Сондай-ақ, салтанатты іс-шара кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев ең жоғары дәрежелі "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын бірнеше адамға берді. Олар:
1. Жазушы, драматург Әкім Тарази;
2. Дәрігер Мұхтар Төлетаев (Нұр-Сұлтан);
3."Қазмырыш" ЖШС бас директоры Александр Хмелев (Өскемен).