Леонид Агутин Әміреге не үшін ұрысты?

686
Отандық әнші Ернар Садырбаев (Әміре) Ресейдің "Голос" жобасын сәтті аяқтады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Садырбаев "Голос" жобасында Дима Биланды өзіне тәлімгер ретінде таңдады. Алайда көпшілік оны стилі мен ән айту мәнері бойынша Леонид Агутинге ұқсайтынын айтып, сол кісінің командасына баруға кеңес берген көрінеді. Бұл жайлы Ернардың өзі: 

"Леонид Агутин өзінің командасына өткенімді өте қатты қалады. Кейін менеджерлер жаныма келіп: "Неге Агутинді таңдамадың? Ол сені өз командасынан көргісі келді. Бір-бірлеріңізге келесіздер", - деді

Пелагея да жақсы пікір білдірді. Соңында Дима Биланды таңдадым. Әрдайым ішкі түйсігімді тыңдайтын адаммын. Ең аз сөйлеген Дима болды. Қатты мақтаған жоқ, жай ғана айта салды. Сол кезде өзі блокнотқа: "Ернара ко мне", - деп жазыпты. Өзі айтты. 


Әнші жоба кезінде өзге тәлімгерлермен де достасып кеткенін жасырмады. Шоу аяқталған соң, әділ-қазылармен дастархандас болып, таңға дейін емен-жарқын әңгімелескенін де ашып айтты. Леонид Агутиннің ұрысқанын еске алды. 

"Агутин аға маған ұрысты. "Мен түсінемін, сендер қазақтар тәрбиелісіңдер, түзусіңдер, - деді. - Бірақ неге сен сахнада эмоцияңды көрсетпейсің? Менде сенің даусың болғанда, бүкіл әлемді шарлайтын едім. Ешкімді тыңдамайтын едім. Неге сен сондай ұялшақсың? Ұстамдысың? Жансай, жарқырасай!" - деп ұрысты.

Ол біреуден қорыққанымнан немесе ұялғанымнан емес, өзімнің болмысым сондай. Қазақы тәрбие деп айтамыз ба, отбасымның берген тәрбиесі сол.

"Ол маған “а-ха-ха деп күліп жүрсей” деп айтады, мен олай жүре алмаймын, дедім. Ондай қазақтың жігіттері де бар, бәлкім, бірақ мен ондай бола алмаймын. Нөмірін беріп, кез-келген уақытта хабарласуыма болатынын айтты. Батырды (авт. Шүкенов) көп еске алды. "Мен сенен Батырды көремін. Сенің жай отыруға құқығың жоқ. Даусыңды көрсету керексің", - деді", - дейді Садырбаев.