Танымал блогердің мәдениетсіздігі мені таң қалдырды

549
Анна Данченко кезекті іс-сапарында орын алған келеңсіз жағдай туралы  Instagram парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізушінің сөзінше, өзіне бағытталған жағымсыз сөздер мүлдем орынсыз болған.

"Ол маған дауысын көтеріп сөйледі. Мен, жалпы, үлкенді де, кішіні де сыйлайтын адаммын. Шүкір, ата-анамның берген тәрбиесі. Бірақ кейде тым жұмсақ мінез танытқаннан болар, кей адамдар артық кетіп жатады. Естеріңізде болса, жақында мен Шымкент қаласына іс-сапармен барған болатынмын. Журналистер мен блогерлерден құралған бір топ адамбыз. 7-8 автокөлікпен жүргеннен кейін, бір-бірімізді күттірмей, бар жұмысымызды уақытылы жасауға тырыстық. Бір көлік артта қалып қойды. Рация арқылы "қайдасыздар" деп сұраған едік, "ілесіп келе жатырмыз" деді. Сөйтіп, діттеген жерімізге жеткен едік, әлгі көлік жоқ. Біраздан кейін олар да бізге қосылды. Ішінен төрт адам шықты, бірі — әйел адам. Бәрі дұрыс па?", - деп сұраған едім, сөзімді аяқтауға да мүмкіндік бермей, елдің көзінше ішіндегі бар негативін маған "құя" салды. Айтпаған сөзі қалмады. Сондағы "танымал блогер, жас келіншек". Сасқанымнан не айтарымды білмей қалдым. Бар кінәм — жаным ашып, жағдайын сұрағаным. "Бізді күтпей, кетіп қалып" деп ашуланды. Аузым ашылып қалды, 25 адамның ішінен маған ғана әлі жетіп тұр ма дедім ішімнен. Ол айтты, бірақ оның сөзі үшін мен ұялдым. Жанымда тұрған ер-азаматтар да аң-таң, "үндемей-ақ қойыңыз, бәлкім көңіл-күйі болмай тұрған шығар" деді. Менің де бұл әңгімені жалғастырғым келмеді", - деп жазды ол.
 

Алайда Анна Данченко өзіне дөрекілік танытқан блогердің нақты кім екенін айтпады.