Ашық образын паш еткен Бибігүл Ақтан тағы да ел ашуын тудырды

723

Фото: https://www.instagram.com/bibigul_aktan_s/Қазақстандық танымал актриса Бибігүл Ақтан желіде сексуалды фотоларын жариялап, оқырмандарының сынына жиі ұшырап тұрады. Бұл жолы да қалыңдық кейпінде бой көрсеткен өнер иесі ел ашуын тудырды. Көпшілікке оның образы тым ашық әрі аса ерсі болып көрінген.
Бұған дейін Бибігүл Ақтан бұл образдағы фотоларын желіге жүктеген болатын. Алайда, ол кезде қалың көпшілік актрисаның ұзатуға дайындалып жатқанын болжаған еді. 


Ал енді өнер иесі атышулы фотосессиясының өзге суреттерімен бөлісті. Дене сымбатын паш еткен киножұлдызға қатысты елдің ойы екі түрлі болды. Бірі оның мінсіз мүсініне тәнті болып жатса, енді бірі аяусыз сынап тастады. 


"Сұлу қыз. Денеңді көрсетуді қойсаңшы. Қарапайым бол", "Адамдардан қорықпасаң да, Алладан қорықсаңшы", "Ұят қайда?", "Түк ұяты жоқ екен. Нені мақтан тұтасың", "Сұлу актриса", "Мінсіз мүсінді бикеш", - деп жазуда желідегілер. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.