"Кеудесі бұрыннан ашық екен"- желі қолданушылары
421

Нұрболат Абдуллин қалың көпшілікке танылмай тұрғанда уақытындағы фотосымен Instagram парақшасында бөлісті.
Суретте эстрада жұлдызы бейтаныс аруды белінен құшақтап тұр. Оқырмандар әншінің жас кезіндегі образына қатысты қызу пікірталас өткізіп, өз ойларын ортаға салды. Олар өнер иесінің бұрыннан бері кеудесін ашып жүретінін байқаған.
"Баяғыдан кеудең ашық екен ғой", "Сізді танымай қалдым", "Өзіңізді сонша қатты жақсы көресіз", "Көкірегі ояу, көзі ашық азамат", "Беті баланың беті болып тұр", "Көйлегіңіз сол уақыттан бері ашық екен", "Сол кезден сәнқой екенсіз ғой", "Қазыр әлдеқайда әдемісіз", "Жастық шақ қайта оралмас. Бақытты кезең ғой", "Түймелеріңіз сол кезде де ағытылыпты ғой", - деп жазуда желі қолданушылары.