Жаһан Отарғалиев жаңа келіншегінің екі баласы бар екенін көрсетті
Жуырда ғана үшінші рет шаңырақ көтерген танымал актер Жаһан Отарғалиев келіншегінің өзіне дейінгі некеден екі баласы бар екенін көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Актер өткен аптада Астанадағы Бас мешітке барып, некесін қиғанын көрсеткен болатын. Алайда әйелінің кім екені, аты-жөні әлі күнге дейін белгісіз.
Актер кезекті видеосында осыған дейінгі сұхбаттарында «Енді тек қана баласы бар келіншек аламын» деген үзіндісін көрсетіп, артынша жаңа келіншегінің екі баласы бар екенін көрсетті.
Желі қолданушылары Жаһан Отарғалиевтің бұл шешімін құп көріп, жылы лебіздерін білдірді.