Жаһан Отарғалиев жаңа келіншегінің екі баласы бар екенін көрсетті

2 701

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Видеодан скриншотЖуырда ғана үшінші рет шаңырақ көтерген танымал актер Жаһан Отарғалиев келіншегінің өзіне дейінгі некеден екі баласы бар екенін көрсетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Актер өткен аптада Астанадағы Бас мешітке барып, некесін қиғанын көрсеткен болатын. Алайда әйелінің кім екені, аты-жөні әлі күнге дейін белгісіз.

Актер кезекті видеосында осыған дейінгі сұхбаттарында «Енді тек қана баласы бар келіншек аламын» деген үзіндісін көрсетіп, артынша жаңа келіншегінің екі баласы бар екенін көрсетті.

Желі қолданушылары Жаһан Отарғалиевтің бұл шешімін құп көріп, жылы лебіздерін білдірді.

«Қазақтың қыздарына пана бола білген бір кісі мың кісінің жасай алмайтынын жасады деп ойлаймын», «Құрметім артып кетті ғой», «Сауапты әрекет жасапсың», «Осы әйел адамды бақытты қылуға шамаң жететініне сенімдімін», «Баласы бар әйел де бақытты болуға лайықты деп, балалы әйелді екінші сорт қылмаңдаршы аяп», - деп жазды желі қолданушылары.

 


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.